Шығыс Қазақстан облысы педагог қызметкерлерінің «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» тамыз конференциясы аясындағы «Кітапхана. Мектеп. Отбасы. Бала тәрбиесінде бірлесіп жұмыс жасау жолдары» пәндік секция отырысы

Шығыс Қазақстан облысы педагог қызметкерлерінің «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» тамыз конференциясы аясындағы  «Кітапхана. Мектеп. Отбасы. Бала тәрбиесінде бірлесіп жұмыс жасау жолдары»  пәндік секция отырысы

2021 жылғы 17 тамызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Шығыс Қазақстан облысы педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен жалпы білім беру ұйымдарының кітапханашыларына «Кітапхана. Мектеп. Отбасы. Бала тәрбиесінде бірлесіп жұмыс жасау жолдары» пәндік секция отырысын өткізді.

Секциялық отырысына 200 кітапханашы қатысты.

Секция жұмысы барысында:

Калиева Назира Қыдырханқызы, Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Қаратал орта мектебі» КММ кітапханашысы «Біз – кітап оқитын отбасы»;

Мукажанова Гульнар Казбековна, ШҚО мәдениет басқармасының «ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы» КММ қызметкері «Кітапхана және отбасы: баланы кітап оқуға баулу»;

Кумарсагитова Кымбат Кабденовна, Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің «К. Шакенов атындағы орта мектеп» КММ кітапханашысы «Әлеуметтік серіктестік: мектеп кітапханасы және отбасы»;

Демина Александра Михайловна, ШҚО мәдениет басқармасының «ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы» КММ қызметкері «Библиотека и семья: путь ребенка к книге»;

Болтовская Татьяна Сергеевна, Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Белоусовка бастауыш мектеп-балабақша кешені» КММ кітапханашысы «Социальное партнерство: школьная библиотека и семья»;

Андреева Наталья Владимировна, Улан ауданы бойынша білім бөлімінің «Таврия орта мектебі» КММ кітапханашысы «Мы – читающая семья» тақырыбында                    іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Нурмухамедова Эльста Алибековна, ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының тәрбие жұмысы бойынша кабинеттің әдіскері «2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатпен, соның ішінде «Оқуға құштар мектеп» жобасымен таныстырды.

Кері байланыс барысында кітапханашылар 2021-2022 оқу жылындағы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері бойынша, оның ішінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша қойылған сұрақтарға толыққанды жауап алып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Модератор: Нурмухамедова Эльста Алибековна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскері.