
2021 жылғы 20 тамызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Шығыс Қазақстан облысы педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектептің педагог-психологтері мен әлеуметтік педагогтеріне «Мектептің әлеуметтік - психологиялық қызметін тиімді ұйымдастыру жолдары, іс-тәжірибелер мен жаңашылдықтар» панельдік сессия отырысын өткізді.
Сессия жұмысы барысында:
Тагиева Индира Таваккул-кызы Жарма ауданы білім бөлімінің «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ педагог-психологі «Педагог-психологтің кәсіби қызметі туралы мониторинг»;
Кабидолдина Альмира Тлеухановна Өскемен қаласы білім бөлімінің «Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ директордың әлеуметтік ісі жөніндегі орынбасары «Мектептің әлеуметтік жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдары»;
Рахимжанова Меруерт Салимовна Семей қаласы білім бөлімінің «№23 орта мектебі» КММ педагог-психологі «Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысын тиімді ұйымдастыруда педагог-психологтің ерекшеліктері» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Кубентаева Ардак Курмангазиновна, ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының психолог-әдіскері «2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқаулық хатпен таныстырды.
Аталған іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының 100 педагогы қатысып, әдістемелік ұсынымдар алды.
Кері байланыс барысында қатысушылар қойылған сұрақтарға толыққанды жауап алып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.