«Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогикалық түзету-тәрбиелеу технологиялары» онлайн режиміндегі облыстық секциясы

«Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогикалық түзету-тәрбиелеу технологиялары»   онлайн режиміндегі облыстық секциясы

ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылғы 19 тамызда инклюзивті білім беру саласына жетекшілік ететін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің мамандары мен әдіскерлері, арнайы мектеп-интернат директорларының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, дефектологтар, логопедтер, жалпы білім беретін мектептердің инклюзивті және арнайы топтарының тәрбиешілері үшін «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогикалық түзету-тәрбиелеу технологиялары» облыстық секциялық онлайн-отырысын өткізді.

Іс - шараның мақсаты - балалардың қоғамда табысты бейімделуіне, оңалтуына және жеке өсуіне ықпал ететін психологиялық-педагогикалық жағдайлардың кешенді жүйесін құру, қашықтықтан оқыту форматында білім беру ортасы үшін жағдай жасау.

Жұмыс тәжірибелерімен: ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 ОМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі С.С. Смирнова; ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№4 ОМ» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.О. Акашева; ШҚО ББ Риддер қаласы «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары С.П.Щербанева; ШҚО ББ «Зайсан ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ меңгерушісі, дефектолог Т.А. Уалынова бөлісті.

Аталған шараға облыстың 100-ден астам педагогы қатысты.

Секциялық жұмыс қорытындысы бойынша кері байланыста қатысушылар ерекше балалармен жұмыс істеудің заманауи инновациялық тиімді әдіс-тәсілдері мен технологияларын енгізу бойынша педагогтер жұмысының тиімділігі талқыланды.