
2021 жылғы 17 тамызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Шығыс Қазақстан облысы педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен жалпы білім беру ұйымдарының өзін-өзі тану мұғалімдеріне «Өзін-өзі тану» бағдарламасы-үздіксіз адамгершілік және рухани тәрбиенің негізі» пәндік секция отырысын өткізді.
Секция отырысына 200 педагог қатысты.
Секция жұмысы барысында:
Мейрембаева Баршагуль Кусайновна, Көкпекті ауданының «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ өзін-өзі тану мұғалімі «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асырудың ұйымдастырушылық шарттары»;
Садыкова Валентина Кайсарбековна, Үржар ауданының «Лайбұлақ орта мектебі» КММ өзін-өзі тану мұғалімі «Жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің бейнесі»;
Бапаева Динара Даулеттаровна, Өскемен қаласының өзін-өзі тану мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі «№45 бейінделген орта мектеп» КММ өзін-өзі тану мұғалімі «Қоғамға қызмет ету»;
Шакиртова Маржан Сериккановна, Семей қаласының өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі «№38 ЖОББМ» КММ өзін-өзі тану мұғалімі «Өзін-өзі тану сабақтарында жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау»;
Чубкина Елена Анатольевна, Бородулиха ауданы «Краснопол орта мектебі» КММ өзін-өзі тану мұғалімі «Өзін-өзі тану» пәні арқылы рухани- адамгершілік білім беру»;
Клиновицкая Ольга Борисовна, Глубокое ауданы «Опытнополе орта мектебі» КММ өзін-өзі тану мұғалімі «Орта білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде тәрбиелеу және оқыту жүйесін ұйымдастыру» тақырыбында іс-тәжірбиелерімен бөлісті.
Алмабаева Айгерим Нурлановна, ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының өзін-өзі тану пәнінің әдіскері «2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқаулық хатпен таныстырды.
Кері байланыс барысында педагогтер 2021-2022 оқу жылындағы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері бойынша қойылған сұрақтарға толыққанды жауап алып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Модератор: Алмабаева Айгерим Нурлановна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО өзін-өзі тану пәнінің әдіскері.