
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 16 тамызда «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» Шығыс Қазақстан облысы педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында орыс мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Совершенствование модернизации педагогического образования и организация образовательной среды в новом учебном году» секциялық отырысы өкізілді.
Секциялық отырысқа Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, «Алматыкітап» баспасының өкілдері, аудан, қалалардағы білім бөлімдерінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскерлері, жалпы орта білім беру ұйымдарының орыс тілі және әдебиеті мұғалімдері, барлығы 100 педагог қатысты.
Аталған шарада:
Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА қоғамдық-гуманитарлық пәндері бағытындағы зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Балкунова Нина Петровна ҚР орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері мен жалпы білім беретін мектептерде орыс тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың жайы және жаңа оқу жылындағы міндеттерімен таныстырды.
«Алматыкітап» баспасының өкілі, «Алматыкітап» баспасының Цифрлық орталық жетекшісі Капранчик Елена Александровна, «TopIQ цифрлық оқулықтар платформасының білім беру әлеуеті мен артықшылықтары» тақырыптарында таныстырылым жасады.
Шара аясында:
Өскемен қаласы ББ «№ 10 мектеп-лицей» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пяк Людмила Владимировна «Использование интегрированных педагогических технологий как условие качественного преподавания русского языка и литературы»;
Өскемен қаласы ББ «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы № 4 ОМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рожнёва Светлана Ивановна «Интеграция педагогических технологий как средство повышения качества знаний по русскому языку и литературе» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңындағы кері байланыста 2021-2022 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқаулық хатта көрсетілген ерекшеліктер мен биылғы оқу жылына қойылып отырған міндет - білімдегі олқылықтарды жою бойынша ұсыныстар айтылды.
Модератор: Кантаева Айзада Жумакановна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨӨ БМ және БСМ кабинеті меңгерушісі.