«Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» педагог қызметкерлерінің облыстық Тамыз конференция аясындағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың жаңа бағдары» мектепке дейінгі ұйымдары мен шағын орталықтарының қызметкерлеріне арналған секциялық отырыс

«Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі»  педагог қызметкерлерінің облыстық Тамыз конференция аясындағы  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың жаңа бағдары»    мектепке дейінгі ұйымдары мен шағын орталықтарының қызметкерлеріне  арналған секциялық отырыс

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылдың 16 тамызында «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» педагог қызметкерлерінің облыстық Тамыз конференция аясында    мектепке дейінгі ұйымдар мен шағын орталықтардың педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың жаңа бағдары» тақырыбында  онлайн режимде  панельдік секция жұмысы өткізілді.

Мақсаты –  Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 2021-2022 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері жобасымен таныстыру және ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдай жасау.

Секциялық отырысқа ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының өкілдері, аудан, қалалардағы білім бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту  әдіскерлері, мектепке дейінгі тәрбие және білім беру мұғалімдері, барлығы 200 педагог қатысты.

Панельдік секция жұмысын     ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының директоры Адамова Манара Елекеновна құттықтау сөзбен ашты.

Секция барысында ҚР БҒМ «Балалық шақ» Республикалық орталығының аға сарапшысы Бликова Жанаргул Байдаулетовна,  Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 2021-2022 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері жобасымен таныстырды.

«Интеллектум» Республикалық орталығының академиялық директоры Масгутова Айгерим, Интеллектум әдіснамасының мәні және мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарында қолдану салалары туралы мағлұмат берді.

Семей қаласының «Erudit Kids» бала-бақшасының меңгерушісі Оспанова Галия Нурахметовна «Мектепке дейінгі білім беру мекемесін дамытудың заманауи басымдықтары» туралы өз іс-тәжірбиесімен бөлісті.

          Семинар соңында ұйымдастырылған кері байланыста қатысушылар ӘНХ жобасына  өз ұсыныстарын берді.

 Панельдік сессияға қатысушылар Білім және ғылым министрлігінің  өкілдеріне қойған  сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының мектепке дейінгі, мектепалды, бастауыш кабинетінің меңгерушісі Какетаева Динара Аскербековна.