
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 16 тамызда «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» Шығыс Қазақстан облысы педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Заманауи мұғалімнің тәжірибесіндегі электронды білім беру ресурстары – уақыт талабы» секциялық отырысы ұйымдастырылды.
Секциялық отырысқа Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, «Алматыкітап» баспасының өкілдері, аудан, қалалардағы білім бөлімдерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскерлері, жалпы орта білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері, барлығы 200 педагог қатысты.
Аталған шарада:
Жанбота Есепбайқызы, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және «Қазақстан тарихы» пәндері зертханасының ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі ҚР орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері мен жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың жайы және жаңа оқу жылындағы міндеттерімен таныстырды.
Салыхова Бақытгүл Орынбасарқызы, 1-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығының авторы, педагогика ғылымдарының кандидаты «Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 1- сыныбына арналған «Қазақ тілі» оқу - әдістемелік кешенінің құрылымы мен мазмұны»;
Мухамедьярова Майраш Кобеновна, Алматы облысы, Талғар қаласы, Дарынды балаларға арналған Ю.Гагарин атындағы №8 арнаулы гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі, «Алматыкітап» баспасының өкілі «TopIQ цифрлық оқулықтар платформасының білім беру әлеуеті мен артықшылықтары» тақырыптарында таныстырылым жасады.
Шара аясында:
Муратова Еркежан Кумаркановна, Өскемен "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, педагог-шебер, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білім олқылықтарын жоюда «EDU PAGE» бағдарламасы негізінде тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдары»;
Нуркамбаева Ақерке Мураткажиевна, Аягөз аудандық білім бөлімінің «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ педагог-зерттеуші, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Қашықтықтан оқыту барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білімдегі олқылықтар және оларды шешу жолдары»;
Керейбаева Гульбану Муратбековна, Шемонаиха ауданының «Анатолий Иванов атындағы Выдриха жалпы білім беретін орта мектеп- балабақша кешені» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Қазақ тілі сабақтарында тілдік құзыреттілікті қалыптастыруда заманауи ақпараттық технологиялар»;
Баймоллаева Үміт Сарқытбекқызы, Семей қаласының «№35 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ қазақ тілі жне әдебиеті пәні мұғалімі, «Медиасауаттылық - педагогтердің негізгі білім беру құзыреттілігі»;
Кемелханова Гульсум Курманбековна, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 29 қосымша білім беру мектеп - орталығы» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі «Электронды білім беру ресурстарының оқушыларды қорытынды бағалауға дайындаудағы мүмкіндіктері» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңындағы кері байланыста 2021-2022 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқаулық хатта көрсетілген ерекшеліктер мен биылғы оқу жылына қойылып отырған міндет - білімдегі олқылықтарды жою бойынша ұсыныстар айтылды.
Модераторлар: Сәбиева Риза Слямхановна, Болтакова Толқын Тулегеновна ШҚО ББ «Шығыс» ӨӨ әдіскерлері.