«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

 Оқу жылының басталуы қарсаңында аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және әлеуметтік көмекке құқығы бар балалардың өзге де санаттарына (киімінің, аяқ киімінің, мектеп керек-жарақтарының болмауы) әлеуметтік көмек көрсету, балаларға мектепке жиналуға көмектесу, оқумен қамтылмаған балаларды анықтау мақсатында "Мектепке жол" дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Министрлік пен «Менің Атамекенім» ҚБ арасында мұқтаж отбасыларға көмек жинау туралы жасалған келісім аясында жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы «atamekenim.kz» порталы арқылы жыл бойынғы форматқа көшірілді.

Облыстың білім беру ұйымдары қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілерді, әлеуметтік серіктестерді, мемлекеттік құрылымдарды тарту бойынша жұмыс жүргізуде.

Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсетушілерге білім бөліміне немесе тікелей білім беру ұйымындарына хабарласа алады, сенім телефондары жұмыс істейді (сайттарда, әлеуметтік желілерде орналастырылған).