ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ» АТТЫ МАҚАЛАСЫН КЕҢІНЕН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТТЫ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ» АТТЫ МАҚАЛАСЫН КЕҢІНЕН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТТЫ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтетін

«Қазақстанның құрметті азаматы» атты республикалық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!

Іс-шараның мақсаты: мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау. Тәуелсіздіктің қастерлі де, киелі ұғым екендігін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын жастарға түсіндіру. Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.

Республикалық байқауға қатысушылар:

  • Білім және ғылым саласының мамандары;
  • Медицина саласының мамандары;
  • Спорт және мәдениет, өнер саласының мамандары;
  • Кәсіпкерлер;
  • Қоғам қайраткерлері;
  • Дарынды жастар;
  • Ауыл-шаруашылық мамандары;
  • Ақпарат саласының мамандары.

Байқаудың шарттары:

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес өмірбаянын (3-ші жақта жазылған) жолдауы қажет, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс. Өмірбаянмен бірге энциклопедияға жариялау үшін сапалы фото-суреттер барлығы бір электронды папкада жинақталуы қажет. Құжаттар Ruhany.jangiru.17@bk.ru электронды почтасына 2021 жылдың тамыз айының 23-не дейін қабылданады.

Байқау жеңімпаздары «Қазақстан Республикасы құрметті азаматтарының» энциклопедиясы, «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» ордені, куәлік және құрмет грамотасымен марапатталады.

Байқаудың марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі,

14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық энциклопедияға енгізілген тұлғалар шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан энциклопедия мен төсбелгі табыс етіледі.

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/ Инстаграм паракшасы: @bilim_orkenieti Ұйымдастыру алқасы: 8747-628-8054, 8702-986-6405

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЖҰМЫСПЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ

 

Қатысушының тегі, аты-жөні

 

Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы

 

Қызмет орны атауы, лауазымы

 

Телефон, ұялы, е-mail.ru

 

Сапалы түрлі-түсті ¾ фото

 

Жергілікті казпочтаның индекс

номері