
2021 жылғы 29 маусымда ШҚО білім басқармасымен ТжКБ жүйесі оқу орындарының педагог қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу бойынша комиссияның отырысы өткізілді.
Отырыс жұмысына аттестаттау комиссиясының мүшелері: мәслихат депутаты, прокуратура, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, кәсіподақтар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңес, әлеуметтік серіктестер, ШҚО білім басқармасының өкілдері, сондай-ақ ШҚО кәсіптік білім беру орталығының әдіскерлері қатысты.
Комиссия отырысы барысында педагогтерге біліктілік санаттарын беру жөніндегі сараптамалық кеңестің ұсынымдары қаралды.
Комиссия мүшелерінің қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.