
Көптілділікті дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметов көптілділікті дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы хаттамалық тапсырма берді. Бағдарламаның басым бағыты - орыс тілінде оқытатын мектептерде практикалық қазақ тілін оқыту мен оқытудың жаңа әдістемесін енгізу. Жұмыс тобының құрамына ЖОО ғалымдары мен практик - мұғалімдер енгізілді. Дайындық жұмыстарын жүргізу үшін орыс тілінде оқытатын мектептердің 5-6 сыныптарында сабақ беретін қазақ тілінің 100 үздік мұғалімі анықталды. Білім басқармасы жұмыс тобымен бірлесіп орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған 80 сағаттық курстық дайындық бағдарламасын әзірледі. Курстық даярлықты оқыту екі кезеңге жоспарланды.
Курстың бірінші кезеңі 2021 жылдың 7-11 маусым аралығында онлайн-форматта өтті.
Курс барысында топтарға бөлу үшін педагогтердің оқыту әдістемесін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында кіру диагностикасы жүргізілді.
Курс тыңдаушылары сөйлеу әрекетінің 4 түрі бойынша оқытудың жаңа әдістерімен танысты. Бірінші кезеңнің соңында мұғалімдер жұмыс тәжірибесін ескере отырып, жаңа әдістеме бойынша жеке қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеу үшін үй тапсырмаларын алды.
Курстың екінші кезеңі 2021 жылдың 23-27 тамыз аралығында өтеді, онда курс тыңдаушылары жаңа оқу жылының басталуына қарай аталған әдістеме бойынша жұмыс бағыттарын анықтайды.