
Әлемнің көптеген елдеріндегідей, Қазақстанда да жаздың бірінші күні Халықаралық балаларды қорғау күні ретінде атап өтіледі.
Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2021 жылы 1-24 мамыр аралығында «7 Керемет» облыстық қашықтықтан шығармашылық байқауын өткізді.
Барлық тілек білдірушілер үшін облыстың қалалары мен аудандарынан 5 пен 17 жас аралығындағы балалар мына номинациялар бойынша өздерінің таланттары мен шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік алды:
Байқауға барлығы 550 өтінім келіп түсті. Әділ қазылар алқасының шешіміне сәйкес Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 259 қатысушы болды:
Гран-при -
I орын - 53, II орын - 84, III орын - 115.
Бас жүлде иеленген оқушылар бағалы сыйлықтармен (браслет XiaomiMiBand), жүлдегерлер-I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай, барлық жеңімпаздарға "Дарын" лагеріне 2021 жылдың жазғы маусымына жолдама сатып алуға 7% жеңілдік беріледі.
Жеңімпаздардың тізімін www.shygysdaryn.kz сайтынан көруге болады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және олардың ата-аналарын құттықтаймыз!
Барлық балаларға байқауға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз!