
2021 жылғы сәуір айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған онлайн режимінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Juldyzaі» XVI Халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінің аймақтық турының қорытындысы шығарылды.
10-нан 18 жасқа дейінгі аймақтың 100-ге жуық жас таланттары онлайн-фестивальға 4 номинация бойынша қатысты: вокал, хореография, ыммен және аспаптық орындау.
Онлайн-фестиваль қорытындысы бойынша бірінші жүлделі орындарды «№3 арнайы мектеп-интернат» КММ және «Ақ ниет» мектеп-интернаты» КММ тәрбиеленушілері иеленді.
Ал Халықаралық кезең - 25 сәуір мен 25 мамыр аралығында өтті және онлайн-байқауға 129 өтінім келіп түсті, оның ішінде 19-ы Ресей, Грузия және Өзбекстан сияқты шетелдік қатысушылардан келді. Халықаралық кезеңге дамуында ерекшеліктер бар 379 балалар мен жасөспірімдер қатысты.
Халықаралық кезеңнің қорытындысы бойынша ШҚО ББ «№3 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің дарынды оқушылары үздік өнер көрсетіп жүлделі орындарды жеңіп алды.
11«а» сынып оқушылары Нурсапина Аругүл мен Жомарт Аружанның орындауында «Кумушки» орыс халық биі «Хореография» номинациясы бойынша жүлделі І-ші орынға ие болды. Жетекшісі Степанова Нафиса Казбековна.
«Аспапта ойнау» жанры бойынша 10«б» сынып оқушысы Жұмабеков Данияр мен 12-ші сынып оқушысы Ғизатолла Бағдат, Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» күиін орындап ІІІ-ші орынды жеңіп алды. Жетекшісі Сейфуллина Қарлығаш Советовна.