«Үздік педагог -2021» республикалық конкурсының облыстық кезеңі

«Үздік педагог -2021» республикалық конкурсының облыстық кезеңі

2021 жылдың 27 мамырында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы жыл сайынғы дәстүрге айналған «Үздік педагог - 2021» республикалық конкурстың облыстық кезеңін өткізді.

         «Үздік педагог - 2021» конкурсы жыл сайын педагогтің жеке жетістіктерін қарау ғана емес, облыстық білім жүйесін соның ішінде қала мен аудандары педагогтерінің жетістіктерін бағалау.

Конкурстың негізгі мақсаты мен міндеттері – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде мүмкіндіктерді жетілдіре отырып дамыту, дәстүрлі емес педагогикалық идеяларды іздестіретін, кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтердің кәсібінің мәртебесін арттыру және ынталандыру.

Конкурсқа облысымыздың  қалалары мен аудандарынан  және облыстық білім беру ұйымдарынан 23 жеңімпаз мұғалім қатысты.

Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша жеңімпаздар төмендегідей жүлделі орындармен анықталды:

Бас жүлде – Гатауллина Ольга Ивановна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №4 орта мектебі» КММ, математика және информатика пәнінің мұғалімі;

І орын – Королёва Оксана Сергеевна, ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, мектепке дейінгі дайындық сыныбының тәрбиешісі;

ІІ орын – Дурмекбаева Жанар Нурлыбековна, ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия» КММ, математика пәнінің мұғалімі;

ІІ орын – Ауезов Ержан Бэкұлы, ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ, математика және робототехника пәнінің мұғалімі;

ІІІ орын – Рыспеков Равиль Маратович, ШҚО ББ Бородулиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Н. Островский атындағы орта мектебі» КММ, физика пәнінің мұғалімі;

ІІІ орын – Мырзабаева Аяужан Нурлановна, ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «№3 Күршім гимназиясы» КММ, бастауыш сынып мұғалімі.

Номинация алғандар:

        «Қашықтықтан білім беру жағдайында үздік инновациялық тәжірибе» – Байсаринова Раушан Алтыбаевна, ШҚО ББ «Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

         «Педагогикалық дебют» - Насир Ануар, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ, физика пәнінің мұғалімі;

        «Өз ісіне адал мұғалім» - Махметов Саркытбек Сайынович, ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» КММ, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі;

         «Шығармашыл мұғалім» - Фунтова Алена Викторовна, ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ, химия және биология пәнінің мұғалімі;

         «Креативті тәсіл үшін» - Церковная Татьяна Викторовна, ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 орта мектебі» КММ, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі;

         «Ойшыл мұғалім» - Шаяхметова Алия Шаймуратовна, ШҚО ББ Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің «Бақыршық орта мектебі» КММ, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

        Жеңімпаздар: Гатауллина О.И., Королёва О.С., Дурмекбаева Ж.Н., Ауезов Е.Б., Рыспеков Р.М., Мырзабаева А.Н. республикалық конкурсқа  жолдама алды.