
2021 жылғы 27 мамырда ШҚО білім басқармасымен ШҚО ТжКБ облыстық әдістемелік бірлестіктерінің төрағалары арасында «Облыстық әдістемелік бірлестік көшбасшылары – 2021» облыстық сырттай байқауының қорытындысы шығарылды.
Байқаудың мақсаты - ШҚО ТжКБ жүйесі облыстық әдістемелік бірлестіктерінің қызметін дамыту және жетілдіру.
Қатысушылардың байқау жұмыстары келесі критерийлер бойынша бағаланды:
- облыстық әдістемелік бірлестік қызметіндегі инновациялық әдіс-тәсілдердің, технологиялардың мазмұндылығы;
- ОӘБ төрағаларының ұйымдастырушылық, басқарушылық, креативті және коммуникативтік қабілеттері.
Байқау қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады:
Бас жүлде иегері - Жумагалиева Алуа Жумагалиевна, әдіскерлердің облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы;
І орын – Сагимбеков Нуржан Ашимович, қоғамдық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің төрағасы; Тусупбаева Кульпан Мухаметкалиевна, ІТ бағытындағы облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы;
ІІ орын - Ташметова Айман Нуртаевна, жаратылыстану пәндері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы;
ІІІ орын - Нечаева Татьяна Юрьевна, облыстық дене шынықтыру оқытушылары әдістемелік бірлестігінің төрайымы.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!