
2021 жылы 25 мамырда Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында ШҚО білім басқармасының ұйымдастырушылық қолдауымен әдіскерлерінің ОӘБ жұмыс жоспарына сәйкес «Жастар, ғылым, болашақ» облыстық ғылыми-практикалық онлайн студенттер конференциясы өткізілді.
Конференцияның мақсаты мен міндеттері: жастардың зерттеушілік әрекеттерін анықтау және көтермелеу, оқу пәндерін өз бетінше тереңдетіп оқуға қызығушылықты дамыту, ғылыми пікірталас жүргізу тәжірибесін қалыптастыру.
Конференцияға ШҚО колледждерінің (43 өтініш) және РФ кәсіптік оқу орындары (11 өтініш): Орехово-Зуево, Қазан, Когалым, Орынбор, Барнаул қалалардан студенттері қатысты.
Конференцияға қатысу үшін барлығы 4 секция бойынша 54 баяндама ұсынылды:
1) «Ел экономикасындағы менің мамандығым»;
2) «Ғылым студенттердің қолында»;
3) «Индустрияландыру – жаңа технологияларды енгізудің флагманы ретінде»;
4) «Пандемия жағдайындағы мәдени интеграция және халықаралық ынтымақтастық мәселелері».
Құзыретті және тәуелсіз сарапшыларды бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар, жүлдегерлер ШҚО кәсіптік білім беру орталығының 1,2,3 дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!