
ШҚО білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ерекше білім беруді қажет ететін ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының студенттері арасында «Шығармашылық шабыт» облыстық қолөнер шеберлік фестивалі өткізілді
Фестивальдің мақсаты: мүмкіндігі шектеулі дарынды балаларды іріктеу және қолдау көрсету, шығармашылық қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік жасау.
Фестиваль жұмысына ерекше білім беру қажеттілігі бар 26 - дан астам студент қатысты.
Фестиваль қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталды:
І орын – Данченка Анна Николаевна («Семей» колледжі); Штейнбах Александр Анатольевич (Шығыс Қазақстан технология колледжі); Ергожина Лаура (Электротехника колледжі); Туркина Ярослава Евгеньевна («Семей» колледжі);і
ІІ орын – Погребняк Данил Денисович (Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі); Орлов Никита Александрович (Өскемен жоғары политехникалық колледжі); Төрехан Аружан Есебайқызы (Шығыс Қазақстан технология колледжі); Кричель Кристина Юрьевна (Риддер көпсалалы колледжі);
ІІІ орын – Кочетова Галина Петровна (Өскемен көпсалалы колледжі); Шумкин Владимир Федорович (Шығыс Қазақстан технология колледжі); Кусаинова Зарина Маратовна (Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі); Соснина Анастасия Сергеевна (Глубокое техникалық колледжі); Астанин Станислав, Потапова Евгения, Васендина Элиза (Жасөспірімдер үйі).
Сондай-ақ, «Креативті жұмыс», «Алтын қол шебері», «Шебер қолдар» номинациялары бойынша үздік жұмыстар анықталды.
Барлық жеңімпаздар мен номинанттарды құттықтаймыз!