Киберқауіпсіздік бойынша СISCOSKILLS-2021 Халықаралық олимпиадасының қорытындысы

2021 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы колледждерінің, мамандандырылған мектептері мен жоғары оқу орындарының IT бағыты бойынша оқитын студенттері арасында киберқауіпсіздік бойынша СISCOSKILLS–2021 халықаралық онлайн олимпиадасының қорытындысы шығарылды. Олимпиада «ISOC» желілік академиясының қатысуымен Семей қаласының Радиотехника және байланыс колледжі базасында ШҚО білім  баскармасының басшылығымен және IT бағытындағы оқытушыларының ОӘБ жоспарына  сәйкес өткізілді. Киберқауіпсіздік бойынша олимпиаданың негізгі мақсаты-дарынды студенттерді қолдау үшін жағдай жасау, болашақ IТ мамандарының кәсіби өсуі мен дамуын ынталандыру.

Олимпиадаға қатысу үшін ҚР және РФ колледждерінен, ЖОО және мектептерінен 46 қатысушы тіркелді. Олимпиадаға қатысушы қалалардың географиясы ауқымды: Алматы, Шымкент, Нұр-Cұлтан, Мәскеу, Челябі, Нижневартовск, Майкоп, Тюмень, Кемерово, Сургут. Сонымен қатар, олимпиадаға ШҚО колледждерінің студенттері де қатысты. Байқаудан тыс олимпиадаға қатысқан Радиотехника және байланыс колледжінің студенттері жоғары нәтижелер көрсетті.

Колледж студенттері арасында қазылар алқасы келесі жеңімпаздарды анықтады:

- Никулин Андрей Алексеевич (1 орын), Орталықазия техника-экономикалық колледжі;

- Жансерік Диас Нұрланұлы (2 орын), Алматы политехникалық колледжі.

ЖОО студенттері арасында жеңімпаздар:

- Нысанбаева Жанерке Турмановна (1 орын), Астана IT университеті;

- Кожиков Рахметтолла Талгатович (2 орын), Астана IT университеті;

- Печёный Владислав Валерьевич (3 орын), Тюмень мемлекеттік университеті.

Қатысқан мектеп оқушылар арасында ең жоғары нәтижені Нұр-Сұлтан қаласындағы «ШАГ» компьютерлік академиясының оқушысы Черняков Данил Александрович көрсетті.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері ШҚО кәсіптік білім беру орталығының дипломдарымен, сондай-ақ, CCNA Security бойынша онлайн оқыту «ISOC» желілік академиясының сертификаттарымен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!