«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ТжКБ педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» облыстық қашықтық семинары

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ТжКБ педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» облыстық қашықтық семинары

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19 мамырында ТжКБ жүйесі оқу орындарының өкілдерімен және басқа да зерттеу мәселесіне қызығушылық танытқан тұлғалар арасында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ТжКБ педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» облыстық қашықтық семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты: ҚР білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ТжКБ педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін және әдістемелік шеберлігін жетілдіру.

Семинарда «ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ директоры         А. Ақылбек «Техникалық және кәсіптік білім беру жағдайында білім беру мазмұнын жаңартудағы педагогтың рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, аталған семинар жұмысында ТжКБ жүйесі оқу орындарының оқытушылары да педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар қорытындысы бойынша келесі ұсынымдар қабылданды:

  • оқыту мазмұны ТжКББ мамандық, бағыт ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс;
  • ТжКББ педагогтерінің кәсіби біліктіліктерін, оның ішінде мемлекетіміздің білім берудің басты бағыты болып отырған жаңартылған білім беру мазмұнын меңгеру, тәжірибеде тиянақты қолдану.

Осы орайда біліктілікті арттыру курстарынан жүйелі өту қажет екендігі атап өтілді.