«Экология. Шығармашылық. Адамдар» шығармашылық жұмыстардың облыстық қашықтық фестивалінің қорытындысы

«Экология. Шығармашылық. Адамдар» шығармашылық жұмыстардың облыстық қашықтық  фестивалінің қорытындысы

ШҚО білім басқармасымен  қызмет көрсету және сервис бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес 2021 жылғы 18 мамырда  Семей колледжімен бірлесіп ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының 1 курс студенттері мен жалпы білім беретін мектептер және лицей оқушыларына (9-11 сынып) арналған «Экология. Шығармашылық. Адамдар» шығармашылық жұмыстардың облыстық қашықтық фестивалі өткізілді.

Фестивальдің мақсаты: білім алушыларды экологиялық даму, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаға  жағымсыз әсерді азайту жағдайларына назар аударта отырып, экологиялық жағдайды жақсартуға байланысты іс-шараларды жүзеге асыру.

Қашықтан өткен фестивальге 56 өтінім келіп түсті.

Облыстық қашықтық фестивалі келесі номинациялар бойынша өткізілді:

  • «Экологиялық дабыл»;
  • «Экологиялық сән көрсетілімі»;
  • «Қажетсіз нәрселер үшін жаңа өмір».

Облыстық қашықтық фестиваль қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталып, үздіктер ШҚО кәсіптік білім беру орталығының 1, 2, 3, дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Барлық жеңімпаздарды  құттықтаймыз!

Итоги областного дистанционного фестиваля творческих работ «Экология. Творчество. Люди»