
2021 жылғы 14 мамырда «Көлік колледжі» КМҚК базасында ШҚО білім баскармасының ұйымдастырушылық қолдауымен «ХХІ ғасырдағы ғылым және жастар» ШҚО және Ресей Федерациясы колледждерінің студенттері арасында өткен конференцияның қорытындысы шығарылды. Конференция облыс әдіскерлерінің ОӘБ жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді.
Конференцияның мақсаты: шығармашыл және дарынды жастардың ізденушілік, оқу-танымдық және зерттеу қызметін жандандыру, ТжКББ жүйесі студенттерінің патриоттық тәрбиесіне ықпал ету.
Конференцияға 27 облыстық колледждерінін және Алтай индустриялық технологиялар және бизнес колледжінен (Бийск қаласы, РФ) 76 материал келесі секциялар бойынша қабылданды:
«Жастар және заманауи қоғамның проблемалары»;
«Қазіргі заман студенттері – әлеуетті білікті мамандар»;
«Қазіргі қоғамдағы техникалық прогресс және жастар»;
«Мамандыққа талпыныс»;
«Бүгінгі колледж тынысы – ізденіс, шығармашылық және шеберлік»;
«Техникалық ғылымдар және жастар».
Келесі студенттердің материалдары үздік деп танылды: конференция жеңімпаздарының тізімі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!