«Сызу» пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы

«Сызу» пәнінен  облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы

ШҚО білім басқармасымен жалпы техникалық пәндер облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес Семей қ. Құрылыс колледжімен бірлесіп 2021 жылғы  14  мамырда ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының студенттері арасында «Сызу» пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасы өткізілді.

Олимпиада мақсаты: пән бойынша теориялық және практикалық білім деңгейін анықтау, оқу пәндерін өз бетінше тереңдетіп оқуға қызығушылықтарын дамыту.

Олимпиадаға барлығы 12 студент қатысты.

Олимпиада 2 тур бойынша өткізілді. Нәтижелер қатысушылардың бірінші және екінші турда жинаған ұпай сандары бойынша анықталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеке және командалық есепте жеңімпаздар анықталды.

Жеке есепте:

1 орын - Нұрланұлы Қуат (Көлік колледжі);

2 орын - Аленов Арсен Нұржанұлы (Зайсан технология колледжі);

3 орын - Адилбеков Расул Арманович (Өскемен жоғары политехникалық колледжі).

Командалық есепте:

1 орын - Зайсан технология колледжі;

2 орын - Өскемен жоғары политехникалық колледжі;

3 орын - Геодезия және картография жоғарғы колледжі.