
2021 жылдың 6 мамырында Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының мектептерінде онлайн түрде «Смарт Сарбаз – 2021» компьютерлік таланттар чемпионаты өтті. Интернет - чемпионаттың мақсаты – «Жас Сарбаз» сыныбы оқушыларының шығамаршылық қабілеттерін және ғылымы-техникалық әлеуетін анықтау және дамыту болып табылады.
Чемпионат 5-7 сыныптар арасында жаратылыстану ғылымдары, математика, информатика, робототехника бойынша; 8-10 сыныптар арасында физика, математика, информатика және робототехника пәндері бойынша өткізілді.
Чемпионаттың қорытындысы бойынша 139 қатысушы жүлделі орындарға ие болды: 1 орын – 13 қатысушы; 2 орын – 41 қатысушы; 3 орын – 85 қатысушы.
Чемпионатта Өскемен, Семей және Алтай қалалары, Аягөз, Тарбағатай, Үржар, Зайсан және Катонқарағай аудандарының оқушылары ең жоғары нәтиже көрсетті.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға жаңа жетістіктер тілейміз!