
2021 жылғы 06 мамырда Бизнес және сервис колледжінің базасында ШҚО білім баскармасының ұйымдастырушылық қолдауымен әдіскерлердің ОӘБ жоспарына сәйкес колледж педагогтеріне арналған «Жаңартылған білім беру мазмұнының элементтерін кәсіптік оқыту жүйесінде қолдану» облыстық қашықтық семинар-практикумы өткізілді.
Семинарға ШҚО колледждерінің 90-нан астам әдіскерлері мен жалпы білім беру пәндерінің педагогтері қатысты. Семинар-практикумның мақсаттары мен міндеттері: білім беру мазмұнын жаңартуға сәйкес өзекті міндеттерді анықтау; педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту, тәжірибе алмасу, инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім беру сапасын арттыру.
Іс-шара барысында Бизнес және сервис колледжінің педагогтері - Бейсенова Айнаш Қызырқанқызы, Молдажанов Талғат Аменұлы, Есильбаева Марина Анатольевна «Ұлы Жібек жолы - сауда мәдениетінің шыңы» тақырыбында кіріктірілген сабақ көрсетті (қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, орыс тілі).
Сондай - ақ, педагогтер - Уакаева Назерке Амангельдықызы, Құрманғалиева Ақжарқын Болатжанқызы, Абдрахманова Адеми Қайратқызы, Нечаева Татьяна Юрьевна «Физика, география, ағылшын тілі және дене шынықтыру сабақтарында жаңартылған білім беру бағдарламасының белсенді әдістерін қолдану» шеберлік сыныбын көрсетті.
Семинар-практикумға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай өзекті тақырып бойынша тәжірибе алмасуды жалғастыру қажеттігі туралы пікірлерін білдірді.