
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылғы 4-6 мамыр аралығында «Үздік мектеп мұражайы» облыстық қашықтықтан байқауының қорытындысын шығарды.
Байқаудың мақсаты - өлкетану білімі мен тәрбиесі арқылы өскелең ұрпақтың патриотизмі мен руханиятын қалыптастыру үрдісінде жаңа тәсілдерді іздеу.
Байқауға облыстың 13 аудандық, қалалық жалпы білім беру ұйымдарының мектеп мұражайлары қатысты.
Байқау 2 кезеңде өткізілді: 1 кезең – аудандық, қалалық кезең, 2 кезең – облыстық қашықтан.
Байқау комиссиясы материалдарды бағалау сараптамасын жүргізіп, жүлдегерлерді анықтады:
І дәрежелі диплом ШҚО ББ Семей қаласының «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 Гимназия» КММ;
II дәрежелі диплом ШҚО ББ Қатон-қарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Әбдікерім атындағы Шыңғыстай орта мектебі» КММ;
IIІ дәрежелі диплом ШҚО ББ Абай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ-не берілді.
Номинациялар байқау комиссиясымен анықталды:
«Креативті мектеп мұражайы» – ШҚО ББ Бесқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Н. Баймұратов атындағы орта мектеп» КММ;
«Үздік бейнеэкскурсовод» – ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «І. Айтықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені» КММ;
«Үздік безендірілген мұражай» – ШҚО ББ Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Сейфуллин атындағы орта мектеп- бақшасы» КММ марапатталды.
Байқау жеңімпаздары мен номинанттарын құттықтай отырып, мектеп мұражай жұмысының дамуына жемісті еңбек тілейміз!