Жас педагогтерге арналған «Қара жәшік ішіндегі жұмыс. Қалыптастырушы бағалаудың рөлі» кезекті онлайн- кездесу

Жас педагогтерге арналған «Қара жәшік ішіндегі жұмыс. Қалыптастырушы бағалаудың рөлі» кезекті онлайн- кездесу

2021 жылдың 5 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы мен «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Өскемен қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен жылдық жоспарға сәйкес үш жылға дейін педагогикалық еңбек өтілі бар  жас педагогтерге арналған «Қара жәшік ішіндегі жұмыс. Қалыптастырушы бағалаудың рөлі» тақырыпта бесінші онлайн-кездесу өткізілді.

Кездесу мақсаты - оқу үрдісінде тиімді бағалауды қалай қамтамасыз етуге болады және бағалауды қалай тиімді жоспарлау қажет деген сұрақтарын талқылау, әдістемелік көмек көрсету.

Кездесу барысында Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері – Д.Э. Усенова, Е.А.Марченко білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы бағалауды тиімді жоспарлау әдістерін талқылады.

Кездесу аясында қатысушылар қалыптастырушы бағалаудың оқытудаға алатын орны мен маңызын қарастырып, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыру бойынша  пікір алмасты.

Шараға облыстың білім беру ұйымдарынан қатысқан 200-ден аса жас маман өздерінің кәсіби дамуына қажетті сұрақтар бойынша көптеген тың мәліметтер алып, өзекті мәселелерді талдауда белсенділік танытты.

Кездесу соңында қатысушыларға тақырып бойынша  сауалнама ұсынылып, жауап алынды. Ұйымдастырылған кері байланыста жас педагогтер алған білімдерін тәжірибеде қолданатындарын атап, ризашылқтарын білдірді.

Жас педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатындағы кезекті алтыншы кездесу-форумы ағымдағы жылдың маусым айында жалғасын табады.