Жаратылыстану-математикалық бағыттағы облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы

2021 жылдың 30 сәуірінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиада өткізілді, оған қалалық/аудандық кезеңнің жеңімпаздары  атанған 300-ден астам оқушы қатысты.

Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқуға қызығушылығын арттыру, жасөспірімдердің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру және олимпиада резервін құру.

Облыстың дарынды балалары, 7-8 сынып оқушылары математика, физика, биология, химия, информатика, география пәндері бойынша өз білімдерін көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 152 қатысушы жүлделі орындарға ие болды (І орын – 23 оқушы, ІІ орын –31 оқушы, ІІІ орын – 98 оқушы).

Ең жоғары балл жинаған оқушылар олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысу үшін ұсынылады.