«Білім алушылардың білімдері мен ынталары – еліміздің қарқынды дамуына қызмет ету жолында» облыстық қашықтықтан ғылыми-практикалық студенттік конференциясы

«Білім алушылардың білімдері мен ынталары – еліміздің қарқынды дамуына қызмет ету жолында» облыстық қашықтықтан ғылыми-практикалық студенттік конференциясы

2021 жылғы 28 сәуірде Бизнес және сервис колледжі базасында ШҚО білім басқармасының ұйымдастырушылық қолдауымен ШҚО және РФ колледждерінің оқушылары мен студенттері арасында «Білім алушылардың білімдері мен ынталары – еліміздің қарқынды дамуына қызмет ету жолында» облыстық қашықтықтан ғылыми-практикалық студенттік конференциясы өз жұмысын аяқтады.

Конференция облыс әдіскерлерінің ОӘБ жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді. Конференцияның мақсаты: облыс колледждері мен мектептері арасындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты дамыту және күшейту; экономикалық және аналитикалық ойлау қабілеті дамыған және белсенді өмірлік ұстанымы бар көпмәдениетті, рухани-адамгершілік және шығармашылық тұлғаны қалыптастыру Конференцияның ерекшелігі тек колледждердің қатысуында ғана емес, сондай-ақ, ШҚО мектептерінің (29 оқушы), Ресей Федерациясының әр аймағындағы (27 студент) және Қазақстан Республикасы колледждерінің (17 студент) белсенді қатысуы болды.

Конференцияға қатысу үшін келесі секциялар бойынша барлығы 263 материал ұсынылды:

- «Гуманитарлық пәндер секциясы» - 120 өтінім;

- «Жаратылыстану-ғылыми пәндер секциясы» - 90 өтінім;

- «Дизайндағы инновациялық технологиялар. Шаштараз өнері. Құрастыру, модельдеу және тігін бұйымдарының технологиясы» - 10 өтінім;

- «Тамақ өнеркәсібіндегі инновациялық технологиялар» - 18 өтінім;

- «Еңбек нарығындағы жас маман: әлеуметтік, экономикалық және құқықтық аспектілер. Туризм. Қонақ үй бизнесі» - 25 өтінім.

ШҚО кәсіптік білім беру орталығының 1,2,3 дәрежелі дипломдарын иеленген  келесі студенттердің материалдары мен баяндамалары үздік деп танылды:

2021 жылғы 28 сәуірдегі бизнес және сервис колледжі базасында студенттік конференция жеңімпаздарының тізімі

Конференцияның барлық материалдары ұйымдастырушылардың-Бизнес және сервис колледжінің ресми сайтында орналастырылатын ғылыми мақалалардың электрондық жинағына енгізілді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!