
2021 жылғы 27 сәуірде ШҚО білім басқармасымен директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес Индустриалды-технологиялық колледжімен бірлесе отырып, ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының студенттері арасында «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем Қазақстан!» облыстық қашықтық өнер шығармашылығы фестивалінің қорытындысы шығарылды.
Қашықтан өткен фестивальге ТжКБ ұйымдарынан 35 өтінім келіп түсті.
Фестивалдің мақсаты: жастар арасында ұлтаралық келісім мен патриотизмді тәрбиелеу және Қазақстан аумағында тұратын ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынасты дамыту.
Фестиваль қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:
1 орын - Тоқтаров Досым Базарқанұлы (Өскемен көпсалалы технология колледжі);
2 орын - Минибаев Наиль Рашидович, Клименко Михаил Николаевич, (Риддер аграрлық - техникалық колледжі);
3 орын - Шемонаиха колледжі студенттерінің шығармашылық тобы.
Қазылар алқасының бірауызды пікірі бойынша Бизнес және сервис, Геологиялық барлау, Радиотехника және байланыс, Бородулиха колледждерінің шығармашылық ұжымдары белгіленді.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!