
2021 жылы 26 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы облыстың жалпы білім беретін мектептерінің биология-химия, география пәндері мұғалімдері үшін «Биология», «Химия», «География» пәндері бойынша 9,11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындаудың тиімді тәсілдері» облыстық онлайн-семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты – жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында «Биология», «Химия» және «География» пәндері бойынша 9, 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындау бойынша тәжірибе алмасу.
Онлайн-семинарға «Биология», «Химия» және «География» пәні мұғалімдерінің қауымдастығының төрағалары, облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының биология, химия, география пәндері мұғалімдері барлығы 100 адам қатысты.
Семинар барысында:
ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің меңгерушісі Абетаева Гульнар Зекеновна 9,11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау бойынша қосымша мағлұмат берді.
Шаяхметова Карлыга Инкарбековна, Семей қаласы «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытататын көпбейінді гимназия» КММ география пәні мұғалімі «География пәні бойынша 9,11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға сапалы дайындық – нәтиже кепілі»;
Лебедева Марина Сергеевна, Семей қаласы «Жалпы білім беретін №35 орта мектеп» КММ география пәні мұғалімі «Система подготовки к итоговой аттестации по географии в 9-х классах»;
Боранбаева Жанар Камановна, Өскемен қаласы «№20 орта мектебі» КММ биология пәні мұғалімі «Білім алушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс- тәсілдері»;
Сускина Ольга Николаевна, Семей қаласы «Жалпы білім беретін №1 орта мектеп» КММ химия пәні мұғалімі «Развитие функциональной грамотности учащихся 9, 11 классов при подготовке к итоговой аттестации по химии» тақырыптарымен 9, 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындау бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Онлайн-семинар кезінде мұғалімдер 9, 11-сыныптарды қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындауда кәсіби шеберлікті дамыту, теориялық және практикалық білімдерін жаңарту бойынша ұсыныстар алды.
Модератор: Нұрбекова Аяулым Нұрбекқызы, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің биология пәні бойынша әдіскері;
Тұрсын Жұпар Ахметоллақызы, көп тілділік кабинетінің жаратылстану-математикалық бағыты бойынша әдіскері.