Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңінің АНОНСЫ

Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңінің АНОНСЫ

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2021 жылы 29 сәуірде техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңін өткізеді.

Жарыстың мақсаты: облысымызда балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін - өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.

Жарысқа аудандық, қалалық жарыс кезеңдерінің жеңімпаздары - жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады. Байқауға қатысушылардың жас мөлшері: 11 - 17 жас (18 жасқа дейін).

Жарыстар келесі модельдердің кластары бойынша өткізіледі:

  1. Радиомен басқарылатын көлік модельдері
  2. Драгстер схемасы бойынша автотрассалық модельдеу
  3. Әуе модельдері
  4. Кеме модельдері
  5. Зымыран модельдері.

Жеңімпаздар 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Байқау қорытындысы сайтта жарияланады www.shygysdaryn.kz .

Қосымша ақпарат мына мекен-жай бойынша: Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО, тел.: 8/7232/70-02-44, e-mail: vk_daryn@mail.ru.