
ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылғы 22 сәуірде арнайы тузеу мекемелеріндеғі директорларға, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына, психологтер мен технология мұғалімдеріне арналған «Мектеп – интернат - бұл ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіру және кәсіптік бағдарлау орталығы» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты - өз бетінше өмір сүруге және қоғамда жұмыс істеуге қабілетті, ерекше білім беру қажеттілігі бар баланың құзыретті тұлғасын сәтті қалыптастыру үшін әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау.
Онлайн-семинарда жұмыс тәжірибесімен ШҚО ББ «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат» КММ-нің технология мұғалімдері Ташимова Н.Р., Шакпакбаева Б.Ж., Жумабеков Ж.Б., Макажанов Б.Х., Алибеков С.Б. шеберлік сыныптарын көрсетті.
Шараға облыстың мектеп-интернатынан 62 педагог қатысты.
Қатысушылар білім алуды жалғастыру және мамандық таңдау үшін оқушылардың құзыреттілігінің тиімділігін, олардың нақты өмір жағдайында көрінуге дайындығын талқылады.
Онлайн-семинар соңында еңбекке баулу бойынша балалармен жұмыс істеуге арналған әдістемелік құрал ұсынылды.