«Болашақ мамандыққа қызығушылықты қалыптастыруда студенттер мен оқушылардың ғылыми-практикалық зерттеулері» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы

«Болашақ мамандыққа қызығушылықты қалыптастыруда студенттер мен оқушылардың ғылыми-практикалық зерттеулері» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы

2021 жылғы 21 сәуірде әдіскерлердің облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес ШҚО білім басқармасы Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжімен бірлесіп, «Болашақ мамандыққа қызығушылықты қалыптастыруда студенттер мен оқушылардың ғылыми-практикалық зерттеулері» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Конференцияның мақсаты: жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін және өңірлік еңбек нарығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескеріп, білім алушыларды кәсіптік бағдарлауға және кәсіптік өзін-өзі анықтауға жәрдемдесу.

Конференция жұмысы 2 секция бойынша жүргізілді: мемлекеттік және орыс тілінде оқыту секциялары. Конференцияға барлығы 36 қатысушы қатысты.

Қатысушылардың баяндамалары конференция материалдарының электрондық жинағына енгізіледі. Толық ақпаратты конференция ұйымдастырушылары-Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжінің сайтынан көре аласыздар.

Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.

1 дәрежелі диплом – Нұрбеков Жарас Нұрбекұлы, ғылыми жетекшісі - Шынарбек Шыңғыс Әбілұлы (Электротехника колледжі); Подколодная Анастасия Валерьевна, ғылыми жетекшісі - Папышева Гульжан Кайкеновна (Өскемен жоғары медицина колледжі).

2 дәрежелі диплом – Жакипбеков Дамир Нұрланұлы, ғылыми жетекшісі – Манарбеков Данияр Манарбекұлы (Электротехника колледжі); Каранова Анастасия Сергеевна, ғылыми жетекшісі – Медведева Елена Александровна (Құмаш Нургалиев атындағы колледж); Денисов Данил Борисович, ғылыми жетекшісі - Папышева Гульжан Кайкеновна (Өскемен жоғары медицина колледжі).           

3 дәрежелі диплом – Қабылқожаева Қымбат Жомартқызы, ғылыми жетекшісі- Акимбаев Айдын Канатович («Авиценна» жоғары медициналық колледжі); Слямбеков Қуаныш Максутович, ғылыми жетекшісі - Дина Болатқызы (Құрылыс колледжі); Звонцов Вадим Александрович, ғылыми жетекшісі – Задумина Наталья Владимировна (Глубокое техникалық колледжі).

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!