
2021 жылғы 1 наурыз - 21 сәуір аралығында ШҚО білім басқармасы Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесімен бірлесіп, ТжКБ және ЖОО оқытушылары мен студенттері арасында Халық әртістері ағайынды Абдуллиндердің туғанына 105 жыл толуына орай «Өсу сатылары: студенттік шығармашылықтан кәсіби шеберлікке дейін» аймақаралық (сырттай) ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.
Конференцияның мақсаты: өнертану және музыкалық білім беру педагогикасы саласындағы ғылыми ақпаратпен тәжірибе алмасу.
Конференция жұмысына қатысу үшін келесі бағыттар: «Қазақстан опера өнері тарихындағы Абдуллиндердің шығармашылық ролі»; «Шығармашылық шеберханасы»; «Педагог-музыкант тұлғасының шығармашылық дәстүрді қалыптастыру мен дамытудағы рөлі»; «Өнер тұлғаларының Қазақстан орындаушылық өнерін дамытудағы үлесі»; «Заманауи педагогика: шығармашылық мектептер, әдістемелер, дәстүрлер»; «Шығармашылық ұйымды ұйымдастыру»; «Студенттің мамандықтағы болашағы»; «Өнер және мәдениет саласындағы болашақ мамандардың денсаулығын және психо-эмоционалдық жағдайын сақтау»; «Өзіңнің және өзгенің зияткерлік меншігін қорғау және пайдалану»; «Өнердегі бәсекелестік» бойынша 80-ге жуық өтінім келіп түсті.
Аталған іс-шара қорытындысы бойынша конференция материалдарының электронды жинағы шығарылады.