
Өскемен қаласындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығымен бірлесіп 2021 жылдың 21 сәуірде директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері, педагог-психологтар, қосымша білім беру педагогтері, сынып жетекшілері үшін онлайн форматта «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысы шеңберінде оқушылардың SOFT SKILLS даму ерекшеліктері» облыстық тәжірибелік семинар өткізді.
Семинардың мақсаты - оқушылардың бойында soft skills (икемді дағдыларын) қалыптастыру бойынша педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету, Семей қаласындағы ХББ НЗМ-нің инновациялық тәжірибесін жинақтау және тарату.
Онлайн-семинарда Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-ұйымдастырушы-кураторлары: Мухтарханова Г.Н., Мажикова А.М., Китапбаева Ж.Т., Арыстанбек Г.С. өз тәжірибелерімен бөлісті.
Шараға облыстағы жалпы білім беретін мектептердің 150-ден астам педагогтері қатысты.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар қойылған сұрақтарына жауап алды.
Модераторлар: Кубентаева Ардак Курмангазиновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы бойынша кабинетінің меңгерушісі м.а; Мухтарханова Гульшат Токтасыновна, «Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің» директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.