
2021 жылғы 17 наурыз бен 21 сәуір аралығында ШҚО білім басқармасы математика және физика пәндері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында «Жер ғаламшары» облыстық қашықтық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.
Конференция мақсаты: білім алушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту және оларды зерттеушілік қызметке тарту.
Конференция келесі секциялар бойынша өткізілді:
Қазылар алқасы қатысушыларды бағалау кезінде тақырыптың өзектілігіне, жұмыстың көлемі мен толықтығына, сондай-ақ, жұмыс мазмұнының талаптарын сақтауға ерекше назар аударды. Конференцияға қатысуға 31 қатысушы өтінім берді.
Конференцияның қорытындысы келесі жүлделі орындарды төмендегідей анықтады:
№1 секция. Жылу қозғалтқыштары және экология:
І орын - Абдрахманова Жания, ғылыми жетекшісі - Касымжанова Анар Абаевна (Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесі);
ІІ орын - Чернышев Егор Сергеевич, ғылыми жетекшісі - Мухажанова Анар Адилхановна (Өскемен көпсалалы технология колледжі);
ІІІ орын - Айтжанова Дина Анатольевна, ғылыми жетекшісі - Куракпаева Жания Жанатбековна (Жақия Шайжүнісов атындағы электронды колледжі).
№2 секция. Электр және экология:
І орын - Данилова Александра Владимировна, ғылыми жетекшісі - Нургалиева Альмира Маратовна (Өскемен көпсалалы технология колледжі);
ІІ орын - Нам Артур Алексеевич, ғылыми жетекшісі - Беспалова Светлана Викторовна (Геологиялық барлау колледжі);
ІІІ орын - Қадырхан Еркебұлан Ержанұлы, ғылыми жетекшісі - Жаксылыкова Лазат Акановна (Өскемен көпсалалы технология колледжі).
№3 секция. Су және экология:
І орын - Алханов Алихан Бекетович, ғылыми жетекшісі - Самарханов Саят Габдыльмуталипович (Геодезия және картография жоғарғы колледжі);
ІІ орын - Данилов Роман Александрович, ғылыми жетекшісі - Нургалиева Альмира Маратовна (Өскемен көпсалалы технология колледжі);
ІІІ орын - Кайлаова Айтоты Ардаковна, ғылыми жетекшісі - Елеусізова Айдана Жанабекқызы (Семей колледжі).
Барлық жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтаймыз!