Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен өткен облыстық «Тілдарын» олимпиадасының қорытындысы

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен өткен облыстық «Тілдарын» олимпиадасының қорытындысы

2021 жылғы 13-20 сәуір аралығында ШҚО білім басқармасы Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай колледж студенттері  арасында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен  қашықтықтан облыстық «Тілдарын» олимпиадасын өткізді. Қашықтықтан өткен олимпиадаға колледждердің 25 студенті қатысты.

Олимпиада мақсаты: білім алушылардың тіл мәдениетін жетілдіру, студенттердің танымдық белсенділігін дамыту, білім алушылардың тіл үйренуге, оның ішінде шетел тіліне деген қызығушылығын дамыту.

«Тілдарын» облыстық олимпиадасы 3 кезеңнен тұрды. Әр кезең бастамашылдықты, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Қатысушылар эссе жазу қабілеттерін көрсетіп, логикалық тапсырмаларды шешті және тілдерді меңгерудің тамаша деңгейін көрсетті.

Қазылар алқасы қатысушыларды бағалау кезінде жауаптардың мазмұндылығына, сапасына және бірегейлігіне ерекше назар аударды.

Олимпиаданың қорытындысы келесі жүлделі орындарды төмендегідей анықтады:

І орын – Смагулова Еркежан Азатқызы (М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі);

ІІ орын – Арғын Әлшер Әсетұлы (Геологиялық барлау колледжі), Бектұрыс Ерасыл Ұланұлы (Геологиялық барлау колледжі);

ІІІ орын – Намен Гулназ Бауыржанқызы (Геологиялық барлау колледжі), Абуғали Толғанай Ермекқызы (Геологиялық барлау колледжі), Кульжамбекова Нурай Рустамбековна (Геологиялық барлау колледжі).

Олимпиада кезеңдері бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар келесі  

номинациялар бойынша марапатталды:

           «Тіл шебері» номинациясы бойынша - Калюжин Вадим Алексеевич (Гуманитарлы-техникалық колледжі);

«Жас қаламгер» номинациясы бойынша - Оқасова Фариза (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі);

«Үздік аудармашы» номинациясы бойынша - Тұрсынханова Айгерім (Шығыс Қазақстан технология колледжі).

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!