«Жұмысыңызда қиындық бар ма, жас ұстаз?» онлайн-семинар-практикумы

«Жұмысыңызда  қиындық бар ма, жас ұстаз?»  онлайн-семинар-практикумы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы облыстың жалпы білім беретін мектептерінің орыс тілі және орыс әдебиеті жас  мұғалімдері мен ассоциация төрағалары үшін жылдық жоспарына сәйкес «Жұмысыңызда қиындық бар ма, жас ұстаз?» тақырыбында  онлайн-семинар-практикумын өткізді.

Семинардың мақсаты – жас мұғалімдердің кәсіби шеберлік деңгейлерін жоғарылату, білімі мен біліктілігін арттыруға ықпал ету, тиімді тәлімгерлік жұмыс түрлері арқылы әдістемелік көмек көрсету.

Семинар барысында: Шығыс Қазақстан облысы ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «М.Әуезов атындағы № 17 орта мектебі»  КММ  педагог-зерттеуші, орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Айтпаева Алла Владимировна «Оқу іс-әрекетін  ұйымдастырудың белсенді тәсілдері»;  

 ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№ 10 мектеп-гимназиясы» КММ педагог-зерттеуші,  орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Пяк Людмила Владимировна «Сәтті оқытудың әдістемелік қадамдары» тақырыбы негізінде іс-тәжірибелерімен бөлісті.

ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері А.Ж.Кантаева  мультимедиялық таныстырылым арқылы  семинар қатысушыларын заманауи педагогтің бойында болуға тиісті  дағдылары мен қасиеттері және  оқушылардың білім сапасын арттыру моделімен таныстырып, білім мекемелеріндегі тәлімгерлік жұмыстың дұрыс бағытқа қойылуы-сауатты да білікті жас ұстаздың қалыптасуының  негізгі шарттарының бірі екенін атап өтті.   

Семинар-практикум  спикерлері  іс-шара барысындағы диалогтық кезеңде  жас педагогтерге білім беру сапасын басқару жүйесі туралы теориялық және практикалық түсініктердің қалыптасуына ықпал етуші мысалдар келтіріп, өз қызметінде оқытудың жаңа түрлері  мен технологияларды тиімді қолданумен кәсіби құзыреттілікті арттыруда, шығармашылық даралықты қалыптастырудағы әдіс-тәсілдерімен  бөлісті.

Кері байланыс барысында  онлайн-семинарға қатысушы ұстаздар  аталған тақырыптың өзекті екенін, спикерлердің таныстырылымдарынан қажетті ақпараттар алғандарын айтып, сабақ беру үдерісі кезінде өздері қолданып жүрген тәсілдерімен де бөлісті.

Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері А.Ж.Кантаева.