
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2021 жылдың 12 мамырында «Үздік педагог» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізілетінін хабарлайды.
Конкурстың мақсаты – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде мүмкіндіктерді жетілдіре отырып дамыту, дәстүрлі емес педагогикалық идеяларды іздестіретін, кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтердің кәсібінің мәртебесін арттыру және ынталандыру.
Байқаудың облыстық кезеңіне қалалық және аудандық кезеңдердің жеңімпаздары қатысады.
Конкурстық материалдардың толық құжаттар пакеті 2021 жылғы 26 сәуіріне дейін қабылданады.
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру қағидалары ( 2020 жылғы 23 сәуірдегі №157 бұйрық өзгерістермен).
Байланыс телефоны: ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту кабинетінің жетекшісі Кенжебаева А.Т., тел.: 8 (7232) 742-550.