«Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында волейболдан Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы

«Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында волейболдан Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы

ШҚО ББ ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 5-16 сәуір аралығында Өскемен қаласында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында ұлдар мен қыздар арасында волейболдан Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық Мектеп лигасының жарыстары өтті.

Мақсаты-ҚР балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және насихаттау, оқушылардың рухани қуатын, адамгершілігін, патриотизмін тәрбиелеу.

Жарысқа аудандық/қалалық және мектепішілік іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары - 5-11 сынып ұлдарының (5-6 сынып, 7-8 сынып, 9-11 сынып)  командасы және 9-11 сынып қыздарының  командасы қатысты.  

Жарыстар FIVB қолданыстағы халықаралық ережелері бойынша өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша:

Номинациялар бойынша үздік ойыншылар:

- Үздік ойыншы – Катонқарағай ауданы, «Әбдікерім атындағы Шыңғыстай орта мектебі» КММ-нің 5 сынып оқушысы Өмірбекұлы Диас; Тарбағатай ауданы, «Би Боранбай атындағы орта мектебі» КММ-нің 8 сынып оқушысы Мұсатайұлы Ақарыс; Көкпекті ауданы, «№ 1 Самар орта мектебі» КММ-нің 9 сынып оқушысы Бритоусов Максим; Катонқарағай ауданы, «Қ. Дамитов атындағы орта мектебі» КММ-нің 10 сынып оқушысы Насетова Айым.

- Үздік либеро – Тарбағатай ауданы, «Жетіарал мектеп-балабақша кешені» КММ-нің 6 сынып оқушысы Қайратұлы Теміржан, Көкпекті ауданы, «Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені» КММ-нің 8 сынып оқушысы Тургульдинов Ильяс; Ұлан ауданы, «Р. Мәрсеков атындағы орта мектеп» КММ-нің 11 сынып оқушысы Мәулен Нұрсұлтан; Ұлан ауданы, «Р. Мәрсеков атындағы орта мектеп» КММ-нің 9 сынып оқушысы Толеухан Каусар.

- Үздік шабуылшы – Көкпекті ауданы, «Казнаковка орта мектебі» КММ-нің 6 сынып оқушысы Серікбол Нұрдәулет; Ұлан ауданы, «Герасимовка орта мектебі» КММ-нің 8 сынып оқушысы Ерғалиев Бекзат; Тарбағатай ауданы, «Жетіарал мектеп-балабақша кешені» КММ-нің 10 сынып оқушысы Баяхметов Руслан; Өскемен қаласы, «№ 10 мектеп-гимназия» КММ-нің 11 сынып оқушысы Дмитриева Варвара.

Жүлделі орындарға ие болғандар:

5-6 сыныптар:

Ұлдар:

1 орын – Көкпекті ауданы, «Казнаковка орта мектебі» КММ;

2 орын – Тарбағатай ауданы, «Жетіарал мектеп - балабақша кешені» КММ;

3 орын – Катонқарай ауданы, «Әбдікерім атындағы Шыңғыстай орта мектебі» КММ.

7-8 сыныптар:

Ұлдар:

1 орын – Көкпекті ауданы, «Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені» КММ;

2 орын – Тарбағатай ауданы, «Би Боранбай атындағы орта мектебі» КММ;

3 орын – Ұлан ауданы, «Герасимовка орта мектебі» КММ.

9-11 сыныптар:

Ұлдар:

1 орын – Көкпекті ауданы, «№ 1 Самар орта мектебі» КММ;

2 орын – Тарбағатай ауданы, «Жетіарал мектеп-балабақша кешені» КММ;

3 орын – Ұлан ауданы, «Р. Марсеков атындағы орта мектебі» КММ.

 Қыздар:

1 орын – Катонқарағай ауданы, «К. Дамитов атындағы орта мектебі» КММ;

2 орын – Өскемен қ., «№ 10 мектеп-гимназиясы» КММ;

3 орын – Ұлан ауданы, «Р. Марсеков атындағы орта мектебі» КММ.