
2021 жылғы 12-16 сәуір аралығында ШҚО білім басқармасымен және Өскемен жоғары политехникалық колледжімен ТжКБ жүйесінің инженерлік-педагогикалық қызметкерлеріне арналған «Тиімді білім беру әдістемелері мен технологияларын пайдалану негізінде болашақ маманның құзыреттерін қалыптастыру» Халықаралық білім беру онлайн-форумы өткізілді.
Форум жұмысының мақсаты - ресейлік және шетелдік білім беру ұйымдарының әріптестерімен тәжірибе алмасу және серіктестік орнату үшін нетворкинг форматында халықаралық ашық алаң құру.
Форумға қатысушылар - Ресей Федерациясы қалаларының (Барнаул, Новосибирск, Орехово-Зуево, Қазан, Орынбор, Қоғалым, Нефтеюганск), Қырғызстан (Бішкек қ.), Беларусь Республикаларының (Минск қ.), сондай-ақ Қазақстанның әр түрлі өңірлерінен (БҚО, ОҚО, СҚО, ШҚО) ТжКБ жүйесінің 59 оқу орнынан 300-ден астам инженерлік-педагогикалық қызметкерлері.
Форум қонақтары мен қатысушыларына ШҚО білім басқармасының өкілдері және Өскемен жоғары политехникалық колледжінің директоры Исин Исатай Салихұлы құттықтау сөз сөйледі.
Форум бағдарламасының мазмұндылығын айта келе, оған Wordskills сарапшыларының «Аспаз ісі», «Мектепке дейінгі тәрбие» және т.б. құзыреттіліктер бойынша, жалпы білім беретін пәндер мен жаратылыстану-ғылыми циклі, автоматтандыру және басқару, электр және жылу энергетикасы бейіндері бойынша шеберлік сыныптар, практикалық сабақтар енгізілді.
Форум жұмысы аясында «Жалпы білім беру циклінің пәнін оқытуға қойылатын заманауи талаптар» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында оқытудың заманауи технологиялары мен тәсілдері, сабақта студенттердің назарын жандандыру, т.б. мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, кәсіби білім беруді дамыту перспективаларын талқылау бойынша пікірталас алаңы ұйымдастырылды.
Форум «Инновациялық саясатты іске асыру. Тәжірибе. Практика. Тенденциялар» тақырыбында өткен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысымен аяқталды.
Форум аясында өткен барлық іс-шаралар Instagram, Facebook әлеуметтік желілер парақшаларында және Өскемен жоғары политехникалық колледжінің YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді.
Қорытындылай келе, Халықаралық білім беру онлайн-форумы жоғары ұйымдастырушылық деңгейде, өте мазмұнды өткенін атап өткен жөн. Барлық қатысушыларға, спикерлер мен баяндамашыларға өзекті тақырыптар қозғап, белсенділік және қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтамыз!