
ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының» жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 14-15 сәуірде Семей атом полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы өткізіледі.
Форумның мақсаты – оқушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлкенің табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.
Форумға облыстың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары – мектепішілік және аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысады.
Қатысушылардың жасы: 14-17 жас. Қатысушылар саны: 171 адам.
Форум келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Туған өлке тарихы» - 3 D форматындағы виртуалды саяхат;
- «Жасыл экономика» - зерттеу жобаларының байқауы;
- «Денсаулық және қоршаған орта» - жобалар байқауы;
- «Экоболашақ» - атқарылған экологиялық жұмыс туралы бейнероликтің презентациясы;
- «Жасыл оазистер» - экодизайнерлер байқауы;
- «Жеңіс мамыры» - панно немесе коллаж байқауы.
Форум жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Қалған қатысушылар сертификат алады.
Номинациялар бойынша ең көп балл жинаған қатысушылар 2021 жылғы
9-10 маусымда өтетін Республикалық форумға қатысады.
Форумды өткізу туралы ереже мына сілтеме бойынша: https://www.shygysdaryn.kz .
Қосымша ақпарат: Өскемен қ., Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы, тел.: 8/7232/75-15-53.