2021 жылғы 6 сәуірде 11 жастан 18 жасқа дейінгі жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің оқушылары, сондай – ақ интернаттық мекемелердің оқушылары, мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» тақырыбындағы «Балалар бастауы-2021» республикалық әлеуметтік жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Конкурстың мақсаты – әлеуметтік маңызы бар бастамаларды іске асыруда балалардың белсенді азаматтық ұстанымдарын дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Балалардың әлеуметтік жобалары байқауының облыстық кезеңі ZOOM бағдарламасында онлайн режимінде презентацияны қорғау түрінде өткізілді.
Байқауға ауылдағы әлеуметтік жағдайды жақсартуға, балалардың өзін-өзі дамытуына және қоғамдық-маңызды нәтиже алуға бағытталған берілген сәтте іске асырылған немесе іске асырылу процесіндегі (жоба, іс, акция немесе іс-шаралар кешені) балалардың әлеуметтік бастамаларының сипаттамасы ұсынылды.
Қазылар алқасының құрамында аймақтың жоғары оқу орындарының ғалымдары, жергілікті атқарушы органдардың, «Nur Otan» партиясының өкілдері болды.
Байқау қорытындысы бойынша 28 қатысушы жүлделі орындарға ие болды (І орын - 4 оқушы, ІІ орын - 8 оқушы, ІІІ орын - 16 оқушы)
Ең үздік жобалар «Балалар бастауы-2021» әлеуметтік жобалар жинағында жариялануға ұсынылады.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!