
Құрметті Талапкер! Егер, Сіз білімді, білікті, заманға сай маман иесі боламын десеңіз, ағымдағы жылдың 12 мен 30 сәуір аралығында өтетін «СтартПрофи - Shygys» стенд-моб іс-шарасына қатысып, өзіңізді қызықтырған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болыңыз.
Бұл шара Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастыруымен облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары мен жұмыссыз жастары үшін аймақтағы оқу орындары туралы ақпаратқа қол жеткізу мақсатында колледж өкілдерінің қатысуымен ZOOM платформасында өткізіледі.