
2021 жылдың 4-6 мамыр аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тарих мұрасы» республикалық жобасын жүзеге асыру аясында «Үздік мектеп мұражайы» облыстық қашықтан байқауы өткізіледі.
Байқаудың мақсаты - өлкетану білімі мен тәрбиесі арқылы өскелең ұрпақтың патриотизмі мен руханиятын қалыптастыру үрдісінде жаңа тәсілдерді іздеу.
Байқаудың міндеттері:
- азаматтық және тарихи-мәдени ағарту, оқушыларды патриоттық тәрбиелеу бойынша мұражайларды безендіру және тиімді пайдалану бойынша педагогтердің озық жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату;
- оқушыларды Қазақстанның тарихи өткенін зерделеуге тарту, ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу.
Байқау екі кезеңде өткізіледі:
- бірінші кезең - аудандық (қалалық) конкурс.
Байқаудың бірінші кезеңінің нысаны мен өткізу мерзімдерін аудандық (қалалық) білім бөлімдері айқындайды.
- екінші кезең - 2021 жылдың 4-6 мамыр аралығында қашықтықтан өтетін облыстық байқау.
Ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы болып табылатын іс-шараға облыстың жалпы және орта білім беру ұйымдарының мұражайлары қатысады.