Жас педагогтерге арналған «Оқу мазмұнын таңдау оңай ма, әлде қиын ба?» кезекті онлайн- кездесу

Жас педагогтерге арналған  «Оқу мазмұнын таңдау оңай ма, әлде қиын ба?»  кезекті онлайн- кездесу

2021 жылдың 7 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы мен «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Өскемен қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен жылдық жоспарға сәйкес үш жылға дейін педагогикалық еңбек өтілі бар  жас педагогтерге арналған «Оқу мазмұнын таңдау оңай ма, әлде қиын ба?» тақырыпта төртінші онлайн-кездесу өткізілді.

Кездесу мақсаты - сабақтағы оқу материалының мазмұны неге байланысты, оқытудың әр минутын пайдалы етуге не көмектеседі және Z ұрпағының балаларына қызықты болу үшін оқу материалын қалай ұсынуға болады деген сұрақтарын талқылау, әдістемелік көмек көрсету.

Кездесу барысында Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері – К.К. Бурунбетова, Е.А.Марченко білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы сабақта оқу мазмұнын тиімді тәсілмен ұсыну жолдарын талқылады.

Кездесу аясында қатысушылар топқа бөлініп, ДЖАМБОРТ тақтасы арқылы берілген оқу мақсатына сәйкес сабақ тақырыбының мазмұнына сай бірқатар тапсырма қарастырып, оны жүзеге асыру жолдарын ұйымдастыру бойынша пікір алмасты.

Шараға облыстың білім беру ұйымдарынан қатысқан 200-ден аса жас маман өздерінің кәсіби дамуына қажетті сұрақтар бойынша көптеген тың мәліметтер алып, өзекті мәселелерді талдауда белсенділік танытты.

Кездесу соңында қатысушыларға тақырып бойынша  сауалнама ұсынылып, жауап алынды. Ұйымдастырылған кері байланыста жас педагогтер алған білімдерін тәжірибеде қолданатындарын атап, ризашылқтарын білдірді.

Жас педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатындағы кезекті бесінші кездесу ағымдағы жылдың мамыр айында жалғасын табады.