
ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылдың 6 сәуірінде «Математика», «Физика» және «Информатика» пәндерін оқытуда білім беру сапасын басқару құралы ретінде әдістемелік онлайн-семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты – жаңартылған білім мазмұны жағдайында шағын жинақты мектептерде пәндерді оқыту бойынша заманауи технологияларды қолдану және әдістемелік көмек көрсету.
Іс-шараға облыстың шағын жинақты мектептерінің «Математика», «Физика» және «Информатика» пәндері бойынша 100 мұғалім қатысты.
Семинар барысында Ұлан ауданы «Украин орта мектеп-балабақша кешені» КММ математика және информатика пәні мұғалімі Кайынбаева Нуржан Амангельдиновна «Шағын жинақталған мектепте Plickers формативті бағалау технологиясын қолдану» тақырыбы арқылы QR-кодты Plickers қосымшасын қолданумен математика және информатиканы оқыту технологиясының артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетті.
Катон-Қарағай ауданы «Ново-Хайрузовка орта мектебі» КММ математика және информатика пәні мұғалімі Чекина Анар Абылхановна «Математика» және «Информатика» пәндері бойынша шағын жинақты сынып оқушыларымен жұмыс жасау барысындағы ерекшеліктерімен таныстырды.
Семинар соңында кері байланыс кезінде қатысушылар онлайн-семинар спикерлері тақырыптарының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап, өз тәжірибесінде пайдалану үшін үлкен білім қорын жинақтағандарын айтты.Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.