
Облыстық ауыл шаруашылығы бағытындағы әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес ШҚО білім басқармасы 2021 жылғы 1 сәуірде онлайн режимде «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК базасында өткен ШҚО ТжКБ жүйесінің ауыл шаруашылығы бағытындағы оқу орындарының студенттері арасында «ШҚО агроөнеркәсіптік кешеніндегі ветеринария, зоотехния және агрономия мәселелері және оларды шешу жолдары» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытындысын шығарды.
Конференция жұмысына ауыл шаруашылығы бағытындағы 8 колледжден 27 студент қатысты.
Конференцияның мақсаты - ветеринария, зоотехния және агрономия саласындағы ең қабілетті студенттерді анықтау және қолдау, оларды ауыл шаруашылығы саласындағы эксперименттік, зерттеу жұмыстарына ынталандыру.
Конференция жұмысы 4 секция бойынша жүргізілді: «ШҚО бойынша жануарлар мен құстардың жұқпалы және инвазиялық ауруларының эпизоотологиялық жағдайын талдау», «Жануарлар мен құстардың жұқпалы емес ауруларының алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру және оларды емдеу жолдары», «Зоотехнияның өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары», «Агрономия саласында инновациялық технологияларды практикалық қолдану».
Конференция қорытындысы бойынша әр секцияның жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.