« Тарих пәнінен 9,11 сынып оқушыларын қорытынды атестаттау мен ҰБТ-ға дайындықты ұйымдастырудың жүйелі тәсілдері» онлайн-тәжірибелік семинары.

« Тарих пәнінен 9,11 сынып оқушыларын қорытынды атестаттау мен ҰБТ-ға дайындықты ұйымдастырудың жүйелі тәсілдері» онлайн-тәжірибелік семинары.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылдың 31 наурызында көктемгі демалыс мектебінің іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдері үшін «9,11 сынып оқушыларын қорытынды атестаттау мен ҰБТ-ға дайындықты ұйымдастырудың жүйелі тәсілдері» онлайн тәжірибелік семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты – 2020-2021 оқу жылы 9, 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындау жұмыстарын жүргізудің ұтымды тәсілдері мен әдістерін тиімді қолдану.Облыстық және қалалық мектептердің үздік мұғалімдерінің шеберлік сыныптарын ұйымдастыру арқылы пән мұғалімдерін әдістемелік сүйемелдеу және практикалық көмек көрсету.

Шараға  аудандық, қалалық  және облыстық білім беру ұйымдарынан тарих пәнінің  100  мұғалімі және қауымдастықтың жетекшілері қатысты

Семинар барысында 9,11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындау жұмыстарын жүргізудің ұтымды тәсілдері мен әдістерін тиімді қолдану бойынша:

Жақсыбаева Мадина Солтаншариповна, педагог-зерттеуші, тарих пәні мұғалімі ШҚО ББ Өскемен қаласы білім бөлімінің «Құмаш Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-гимназия»КММ, «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау»;

Бигельдинова Әсем Самажановна, педагог-эксперт, тарих пәні мұғалімі ШҚО ББ Өскемен қаласы білім бөлімінің «Ш.Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицей», «11-сынып оқушыларын жаңа форматта қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындау»;

Смагулова Ляззат Кенжегалиевна, 1-санатты тарих пәні мұғалімі, «№1 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ Аягөз ауданы,«ҰБТ-ға оқушыларды саралап оқыту арқылы дайындаудағы жетістігім»;

Сыдыкова Адеми Сериковна, 1-санатты тарих пәні мұғалімі «Дулат Бабатайұлы атындағы ЖББОМ» КММ Аягөз ауданы, «Білім алушыларды тарих пәнінен қорытынды аттестаттауғадайындаудың тиімді қадамдары» тақырыптары бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Онлайн тәжірибелік семинар соңында қатысушы педагогтермен кері байланыс жасалып,сұрақтарға жауап берілді.

Модератор: Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО білім беру сапасы және оқыту мазмұны мониторингі кабинетінің тарих пәнінің әдіскері.