«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық қашықтық кезеңін өткізу туралы АНОНС

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық қашықтық кезеңін өткізу туралы АНОНС

2021 жылдың 15 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық қашықтық кезеңін өткізеді.

Фестивальдің мақсаты - үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру.

Фестиваль аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары – жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерінің оқушылары қатысады.

Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Деректі (ойынды емес) кино»;

2) «Ойынды кино»;

3) Stop-motion-видео;

4) Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім;

5) Анимациялық кино;

6) Музыкалық клип;

7) Телевизиялық сюжет;

8) Киножурнал;

9)  Ең үздік операторлық жұмыс.

Фестивальдің женімпаздары дипломдармен мараппаталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары фестивальдің республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Қосымша ақпаратты келесі мекен-жай бойынша алуға болады:  Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 ДҚББД ШҚ ҒӘ Дарын орталығы, немесе 8 (7232) 75-26-91 телефоны.